5 желтоқсанда республикадағы қай жолдар ашық, қайсысы жабық

Фото: Pexels

АЛМАТЫ. KAZINFORM — 5 желтоқсанда еліміздің кей өңірлерінде ауа райының жақсаруына байланысты жолдар қайта ашылғанымен, кей облыста қозғалыс әлі де шектеліп отыр. 

Сағат 08:00–де ауа райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше жолда қозғалыс жанданды.

Павлодар облысы

«KAZ07 ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 427-587-шақырымдары (Павлодар қаласынан (Кенжекөл к.) Абай облысы шекарасына дейін) барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашылды.

Абай облысы

«ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» 587-733-шақырым, Павлодар облысы шекарасынан Семей қаласына дейінгі учаске ашылды.

Ал Қызылорда облысында сағат 09:00–де ауа райының бұзылуына байланысты «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1680-2045-шақырым аралығында (III Интернационал ауылдық округінен Бесарық ауылына дейін) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылды. Жолды сағат 12:00–де ашу жоспарланған.

Сондай-ақ үш өңірде бұған дейін енгізілген шектеулер әлі де күшінде.

Павлодар облысы

«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді.

Солтүстік Қазақстан облысы

«Тимирязево — Сарыкөл — облыс шекарасы» автожолының 0-30-шақырымында (Қостанай облысы шекарасы — Тимирязево ауылы) көліктің барлық түрі үшін шектеу бар.

Шығыс Қазақстан облысы

Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай –Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады.

Ауа райы

2025 жылғы 5 желтоқсанда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Абай, Жетісу, Түркістан, Қостанай және облыстарының кей жерінде қар аралас жаңбыр мен қар жауады.

— Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, — делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» РМК 5 желтоқсан күнгі ауа райы болжамын жариялаған еді.