«Бұл өз кезегінде білім сапасы үшін жоғары оқу орындарының жауапкершілігін арттыра түседі», - деп түсіндірді Е. Сағадиев.
Оның сөзінше, ЖОО-ларда ректорларды тағайындау рәсімінде ашықтықты арттыру жоспарланып отыр. Негізгі өлшем ретінде ұсынылған адамның абырой-беделі, кандидатпен таныстырылған жоғары оқу орнын дамыту бағдарламасының сапасы ескеріледі.
Министрдің айтуынша, мемлекет халықты мемлекеттік қызметтермен толықтай қамтамасыз еткенде сыбайлас жемқорлықпен ең тиімді күрестің нәтижесі байқалады. Сонымен қатар реттеу шараларында мемлекеттің рөлі төмендеп, нарықтық тетік күшейеді және шешімдердің транспаранттілігі қамтамасыз етіледі.