«Біз үшін аталған эксперимент аса маңызды. Бір жыл бойы оның нәтижесін бақылаймыз. Балаларды, ата-аналарды, мектеп мұғалімдерін және тағысын тағы. Осы эксперименттің нәтижесін алдымен жан-жақты талқылаймыз. Сөйтіп, пән бойынша үш тілді оқытуға көшудің нақты кестесін қабылдаймыз», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, ағымдағы жылы мектеп мұғалімдерін жаппай ағылшын тіліне үйрету шаралары басталады. Қазіргі кезде 4 мыңға жуық мұғалiм ағылшын курстарын бастап кетті. Қыркүйек айында оларға тағы 8 мың мұғалiм қосылады.
Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслихатында министр қазақ тілін білмейтін жарты миллион оқушыға жаңа әдіспен тіл үйренетінін жеткізді.