52 жастағы ер адам Есілге батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 6 қарашасында сағат 14.00 шамасында Есіл өзеніндегі ойыққа малту кезінде 52 жастағы ер азамат суға батып кетті, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметінен. Полиция қызметкерлерімен тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Астана қаласы Ішкі істер департаменті өзендегі мұздың қатпауына байланысты абайлауды ескертеді. Осыған байланысты елордалық полицейлер қауіпке жол бермей, сонымен қатар балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.

«Ата-аналардың назарына! Балаларға өзенге жақын жерде қыдыруға рұқсат етпеңіздер. Балаларға мұздың сынып кету қаупін түсіндіріңіздер. Балалардың мұз айдынына шығуына рұқсат бермеңіздер және өздеріңіз де мұқият болыңыздар.

Алғашқы аяздың келуімен суға малту мерзімі басталады. Қысқы жүзу жарақатпен немесе қайғылы жағдаймен аяқталмас үшін, қауіпсіздік шараларын сақтаған дұрыс», - деп жазылған ІІД хабарламасында.