6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар жауып, жел күшейеді

АСТАНА. KAZINFORM — 6 қазанда Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр аралас қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман, қатты жел және қатқақ күтіледі. Кейбір облыстарда желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Фото: freepik

Астанада 6 қазанда кей уақытта жаңбыр мен қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с болады, түнде және таңертең кей уақытта 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысында жаңбыр мен қар жауады, түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын қатты болады. Батысында, солтүстігінде және шығысында жаяу бұрқасын мен көктайғақ, кей жерлерде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында желдің екпіні кей уақытта 23–28 м/с-қа жетеді.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар жауады, жолдарда көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с, күндіз кей жерлерде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.

Павлодар облысында түнде батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады, күндіз жауын-шашын облыстың басқа аумақтарына да таралады. Солтүстігі мен шығысында жауын-шашын қатты болады. Сондай-ақ жаяу бұрқасын, көктайғақ және тұман күтіледі. Күндіз желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр мен қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түсуі мүмкін. Оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

Қостанай облысында түнде қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Күндіз солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр аралас қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жетісу облысының таулы аймақтарында жауын-шашын, түнде кей уақытта қатты жаңбыр мен қар жауады. Орталығы мен таулы аудандарында тұман күтіледі. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Түнде облыстың батысы мен солтүстігінде 2 градусқа дейін қатқақ болады. Шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Алматы облысында түнде шығысы мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады, таулы аймақтарда тұман түседі. Облыстың солтүстігінде 1 градусқа дейін қатқақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысында түнде шығысында және таулы аймақтарында жаңбыр, қар және көктайғақ болады. Батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары, ал оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында түнде оңтүстігі мен шығысында жаңбыр, қар және тұман күтіледі. Облыс орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Ұлытау облысында түнде солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл күтіледі, жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде солтүстігінде 2 градусқа дейін қатқақ жүреді. Өңірде өрт қаупінің жоғары және төтенше деңгейі сақталады.

Түркістан облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түседі. Тауларда 1 градусқа дейін қатқақ және 15–20 м/с-қа дейін жел күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында түнде шығысында және таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жауады. Тауларда тұман түсіп, 2 градусқа дейін қатқақ болады. Кей жерлерде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Оңтүстігі мен шығысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Атырау облысында өрт қаупі жоғары деңгейде, ал өңірдің оңтүстігінде төтенше деңгейде сақталады.

Маңғыстау облысында батысы мен орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында күн күрт суытып, кей аудандарда бүгін түнде қар жауғаны туралы жазған едік.