Моңғолия Ұлттық банкі хабарлағандай, мемлекеттік валюта резервтерінің өсуі ұлттық экономика мен қаржы нарықтарының тұрақтылығын арттыру, Ұлттық банктің мақсаттарын қолдау және тугрик тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін маңызды.
Моңғолиядағы тау-кен өнеркәсібінің өнімін өндіру мен экспорттың жедел өсуі төлем балансын, сыртқы сауданы және шетел валютасының банк жүйесі арқылы ағымын арттырды. Моңғолия үкіметі мен Ұлттық банк негізгі экономикалық шарттарға сәйкес сыртқы нарықтарда шығарылған облигацияларды қайта қаржыландыру және ірі шетелдік қарыздарды өтеу арқылы қарызды тиімді басқаруды сәтті жүзеге асырып келеді.
Еске сала кетсек, бұған дейін 2026 жылы Моңғолия Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығы институтына төрағалық ететінін жаздық.