6 мыңнан астам қазақстандық көлік жүргізу құқығынан айрылды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері 7 мыңнан астам отандасымыз мас күйінде көлікке отырған, олар жауапқа тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері 128 мыңға жуық жаяу жүргінші және 7 мыңнан астам мас көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар 6 мыңнан астам жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды сол сияқты 8 мыңға жуық адам қамауға алынды. Бұл деректер жол ережелері қауіпсіздігін сақтауға қоғамның әр мүшесі жауапты екенін білдіреді», - деді Ақтоты Боранова Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жол жүру ережелері отбасында, мектепте және қоғамда үнемі айтылып, түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуі тиіс.

«Одан бөлек, жолда дөрекілікке, немқұрайлық пен бассыздыққа жол бермеу керек. Сонымен қатар ішімдік ішіп немесе ескірткіге масайып көлік жүргізетіндер бар, олардан келетін қауіп жоғары. Қоғамдық тәртіпті сақтап, заң талаптарын орындау баршаға ортақ міндет. Ол сақталмаған жағдайда қоғам мүшелері зардап шегуі мүмкін», - дейді ол.