«Бізде мектепке алғаш баратын балалардың жасы 6-7 жас деп берілген. Сол себепті бірінші сыныпқа қабылданғанда түрлі түсініксіз жағдай туындап жатады. Сондықтан қазір заңға нақты 6 жасқа толған баланың мектепке баруына болады деген ереже жаңадан енгізіліп жатыр», - деді Т.Балықбаев. Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын.
19:34, 23 Қыркүйек 2014
6 жасқа толған бала еш кедергісіз мектепке қабылданатын болады - ҚР БҒМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 жасқа толған бала еш кедергісіз мектепке қабылданатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев айтты.