— Қазақстан Республикасы дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағында 7 0, 7 6, 7 7 код ауқымдарын пайдаланады. Ал Ресей Федерациясына тиесілі код ауқымдары: 7 2, 7 3, 7 4, 7 5, 7 9, — деп жазылған құжатта.
Еске салсақ, былтыр күзде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстан неге Ресеймен бірге 7 кодының аумағында қалғанына түсінік берген еді.
— Шынымен де дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағын бірлесіп (Ресеймен бірге) пайдаланып жатырмыз. Алайда осы жетілік аясында бізде қосымша нөмірлеу бар және ол тек Қазақстанға тиесілі. Бұл тұрғыда « 77», « 76» бар, сондай-ақ қосымша « 70» бойынша келісімге келеміз. Бұл нөмірлеу тек Қазақстанға қатысты болады, — деген Жаслан Мәдиев.