«7-20-25» бағдарламасын жалғасуы мүмкін деп ойлаймын. Ал бюджеттің мүмкіндігін айту үшін есептеу керек. Бұл оңай мәселе емес», - деді вице-премьер.
Сондай-ақ ол «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шалапаевтың коммерциялық ипотеканың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау туралы ұсынысына пікір білдірді.
«Бұл мәселе бойынша ешкім шешім қабылдап жатқан жоқ қой. Кез келген адам нақты ұсыныс енгізуге хақылы. Ондай ұсыныстардың болуға хақысы бар. Түптеп келгенде қалыпты ұсыныс»,- деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Айта кетейік, Үкімет отырысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшысы «7-20-25» орнына жаңа ипотекалық бағдарламаны ұсынған болатын.