«7-20-25» бағдарламасымен 8 мың отбасы баспаналы болды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «7-20-25» бағдарламасы бойынша 8 мыңға жуық отбасы 92 млрд теңге қарыз алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасыұсынған Бес әлеуметтік бастаманы енгізу - халықты қолжетімді баспанамен қамтудыңбасты бағыты саналады. «7-20-25» бағдарламасы бойынша 7 936 отбасы 92 млрдтеңгеге қарыз алды. Бағдарлама банктің ипотекалық портфелінің 24,8% - шамамен1,4 трлн теңге өсімін қамтамасызетті. Бағдарлама көрсеткішін жақсарту мақсатында биыл мамыр айында қарыз алушыларғабастапқы жарнаны баспана бағасының 20%-дан асатын сомада төлеу құқығы берілді.Бұл ай сайынғы төлем көлемін азайтуға және табысы аз азаматтарды қамтуғамүмкіндік берді. Банктерге қойылатын талапты төмендету арқылы қатысушы-банктерсаны артты», - деді Ерболат Досаев.

Айта кетейік, елордада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр. Жиынға Үкімет мүшелері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен министрліктердің басшылары қатысуда.

Бұған дейінҰлттық банк төрағасы Қазақстанда банк активтерінің сапасына кешенді тәуелсізбағалау жүргізілетінін хабарлаған еді.


Соңғы жаңалықтар