АСТАНА. KAZINFORM — Күн райының қолайсыздығына байланысты 7 сыныпқа дейінгі оқушылар қашықтан оқытылады. Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы хабарлады.
«7 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды», — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Түркістан облыстарында көлік құралдарының барлық түрлерінің қозғалысы жабылғанын жазған болатынбыз.
Астанада ауа райына байланысты рейстер кешікті.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)