7 жастағы ақтөбелік әлемдік рекорд орнатуға дайындалуда

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласының 7 жастағы тұрғыны Муса Туркумбаев 55 рет турникке тартылып, 1600 рет кеудені жерден көтере алады. Ол бұл рекордтық көрсеткішін әлем алдында дәлелдемек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Муса Туркумбаев 3 жасынан бастап спортпен шұғылданды. Ол өзге балалар секілді асыр салып ойнайды, бірақ турникке тартылғанды ұнатады. Ағаштың бұталарына, тұрғын үй ауласындағы турникке ілініп, тартылғанды ұнататын бала өз ынтасымен елді таңқалдырып жүр.
Тек бұғанасы қатпаған Мусаға әлі кәсіби спортпен шұғылдануға болмайды. Сондықтан әкесі Асхат Туркумбаев бар уақытын балаға арнап, қазір арнайы спорт залға апарып жүр. Әкесінің қамқорлығындағы бала көктемде жаңа рекорд орнатуға дайындалып жатыр.

 

«Муса кішкентай балалар, ересектер жасай алмайтын дене жаттығуларын көрсете алады. Бәрін өзі бейнероликтерден көріп, қарап, үйренеді. Қазіргі кезде күнделікті 35 рет турникке тартылады.  Ал рекорды - 55. Күніне 300-500 рет кеудені жерден көтереді. Ал бұл жаттығуды 1600 рет орындап, рекорд істей алады. Жаттығу жасаған, спортпен шұғылданған өзіне ұнайды. Замандастары компьютерден, планшеттен көз алмай отырады, ал Муса далада жүреді. Телефонға 1 сағатын ғана бөледі»,- деді Асхат Туркумбаев.

 

<" width="1" height="1" layout="responsive">
Муса түрлі жаттығу жасап, дене жарақатын да алды. Ата-анасының айтуынша, 4 жасында қолын сындырып, дәрігерлердің бақылауында болған. Бір қолы гипспен бекітілгеніне қарамастан ержүрек бала жаттығуын тоқтатпаған. Енді ол әлемді мойындатуды қалайды. 

    

Соңғы жаңалықтар