2026 жылғы 4 ақпанда белгісіз тұлға микроқаржы ұйымы арқылы Қазақстан Республикасының азаматының атына заңсыз несие рәсімдеген.
— Жәбірленуші онлайн-несие алуға биометриялық деректер ұсынбағаны анықталды, ал оның орнына алаяқтық жолмен үшінші тұлғаның мәліметтер қолданылған. Сол сияқты белгісіз тұлғалар өзге микроқаржы ұйымы арқылы еліміздің азаматына заңсыз несие рәсімдеп, қаражатты дропперлердің шоттары арқылы басқа тұлғаға аударған, — делінген прокуратура хабарламасында.
Микроқаржы ұйымының көмегімен жасалған қылмыстан 70 азамат зардап шеккен.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Осы орайда прокуратура азаматтарды өз жеке деректерін құпия сақтау қажеттігін ескертеді.
Айта кетейік, қарттарды алдаған алаяқ 4 жыл 7 айға сотталды.