Р. Жақыповтың сөзіне қарағанда, Ішкі істер министрлігі азаматтардың тіркеуге тұруы бағытында тиісті шараларды жүргізуді жоспарлап отыр. Сонымен бір мезгілде, тіркеусіз тұруға қатысты мерзімді бір айға дейін қысқарту көзделуде.
«Біз барлық тұрғындарды тексеруді қарастырып отырғанымыз жоқ, алайда заңнама талаптары орындалмаған жағдайда, онда заң бұзушылар жауапкершілікке тартылады», - деді ол.
Оның атап өтуінше, ведомство ұсынып отырған шаралар баспана иелерінің жеке адамдарға пәтерлерін тіркеусіз ұсынғаны үшін жауапкершілік жүктейді. Пәтер иелері мен басқа да тұлғалардың тіркеусіз азаматтарды тұрғызуға қатысты жауапкершілігі артады.
Заң жобасы бойынша жұмыс барысында депутаттар тарапынан түрлі мәндегі 120 түзету енгізілді, соның ішінде жеке тұлғаларды тіркеу ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке қатысты бағыты да қамтылған.