8 қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК болжамына сәйкес, 21 қаңтар күні ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Астана, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Шымкент, Қарағанды, Теміртау қалаларында күтіледі.

Фото: Pixabay

Еліміздің өзге шаһарларында ауа сапасы норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.