Астанада жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Бұл аудандарда жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр мен найзағай күтіліп, батысы мен солтүстігінде бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және дауыл күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының орталығы, батысы мен шығысында төтенше, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында түнде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 8-9 қыркүйекте Алакөл маңында солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл болжанады. Жел екпіні 15-20 м/с болады. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысы мен оңтүстік-шығысында күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с-қа жетеді. Батысы, шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының батысында күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
– Маңғыстау облысында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, солтүстік-батысында қатты жаңбыр мен бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, батысы мен орталығында екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді, – делінген болжамда.
Павлодар облысында шығыстан жел соғып, күндіз өңірдің шығысында екпіні 15-18 м/с болады. Солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, батысы мен оңтүстігінде екпіні 25 м/с-қа жетеді.
Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Батысы, солтүстігі, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Айта кетейік, Қазақстанда күз жылы әрі құбылмалы болады деп болжанып отыр.