АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық полиция департаменті «UNNNITY corporation» ЖШС-не ақша салып, алданған адамдарды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ақтөбе облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы2017 жылдың шілде айында салымшылардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп, қаржыпирамидасын құру дерегі бойынша «UNNNITY corporation» ЖШС-нің басшыларынақатысты қылмыстық істі тергеуге алды. Аталған ұйымның жұмысы кезінде елімізбойынша 40 000 адам зардап шекті. Оның ішінде 8 000 адам Ақтөбе облысынан», -деді облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
«UNNNITY corporation» ЖШС-нің кез келген салымшысы Ақтөбеоблысы полиция департаментінің №401 кабинетіне келуі немесе 93-64-11, 8-702-867-66-87 телефон нөмеріне хабарласуы керек.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.