Түнде Букреев шыңына (3010 м) шыққан туристер тобының ішінде үш бала болғаны және солардың бірі өзін жайсыз сезініп, жедел эвакуация қажет екені туралы ақпарат түскен.
Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы шұғыл түрде жолға шыққан.
Бутаков шатқалы арқылы өтіп, құтқарушылар жаяу жүріп, алдын ала берілген координаттар бойынша жоғары көтерілді.
— Туристер маршрут бойынан табылды. Бала ұйықтап жатқан, жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Құтқарушылар оны топтағы ересек адамның ілесуімен төмен түсірді, — делінген ТЖМ хабарламасында.
ТЖМ РЖҚЖ құтқарушыларының жедел әрі кәсіби іс-әрекеттерінің нәтижесінде бала сәтті эвакуацияланып, таудың етегіне жеткізілді.