Түркістан облысы
Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады. Облыстың батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде облыстың батысында ауа температурасы -1°С-қа дейін төмендейді.
Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және тау бөктеріндегі аудандарда жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қаласында да жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында түнде ауа температурасы -1…-3°С-қа дейін төмендейді. Қалада жоғары өрт қаупі бар.
Алматы облысы және Алматы қаласы
Облыста солтүстік-шығыстан жел соғады. Таулы аудандарда желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде облыс бойынша ауа температурасы -1…-6°С-қа дейін төмендейді.
Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы қаласында түнде ауа температурасы -1…-3°С-қа дейін төмендейді. Қалада жоғары өрт қаупі сақталады.
Қонаев қаласында түнде ауа температурасы -2…-4°С-қа дейін төмендеп, жоғары өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысы
Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.
Қарағанды облысы
Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман болады. Батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды қаласында тұман күтіледі.
Абай облысы
Түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі.
Ұлытау облысы
Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады. Батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысы және Атырау қаласы
Облыс пен Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысы
Облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің таулы аймақтардағы екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Түнде облыс бойынша ауа температурасы -1…-6°С-қа дейін төмендейді. Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Тараз қаласында түнде ауа температурасы -3…-5°С-қа дейін төмендейді.
Солтүстік Қазақстан облысы
Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі.
Петропавл қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Ақтөбе облысы
Облыстың шығысында, батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы
Күндіз облыстың шығысы мен орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың шығысы мен орталығында секундына 15–20 метрге жетеді.
Түнде облыстың солтүстігі мен орталығында ауа температурасы -3°С-қа дейін төмендейді.
Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Қалада төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысы
Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысы
Түнде және таңертең облыстың шығысы мен оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысы
Облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман болады.
Жетісу облысы
Солтүстік-шығыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Түнде ауа температурасы -3…-8°С-қа дейін төмендейді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қаласында түнде ауа температурасы -6…-8°С-қа дейін төмендейді.
Маңғыстау облысы және Ақтау қаласы
Облыста шығыстан жел соғады. Батысында желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі бар.
Ақмола облысы және Астана қаласы
Түнде және таңертең Ақмола облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.
Астана қаласында да түнде және таңертең тұман болады.
Ал алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Күндіз ауа температурасы 20°С-қа дейін көтерілсе, түнде аяз сақталады.