А.Башмаков 2014 жылы 29 қазанда ҚР Президенті Жарлығымен 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялағанын еске салды. Ол ҚХА жылы 4 рухани субстанциядан тұратынын айтты: біріншіден - Қазақ хандығының 550 жылдығы, екіншіден - ҰОС-ындағы Жеңістің 70 жылдығы, үшіншіден Конституцияның 20 жылдығы және төртінші - ҚХА-ның 20 жылдығы.
Ол ҚХА әлемдегі жалғыз институт ретінде қарастырылатынын айтты. Өйткені әлемде мұндай институтты мемлекет басшысы басқармайды.
«Президент Қазақстандағы бірлікті, ұлтаралық қатынасты бірінші орынға қояды, мұның бәрін біз Қазақстан халқы Ассамблеясының әдістемелік жұмысына енгізудеміз», - деді ҚХА төрағасының орынбасары.