Марафонға қатысушылар «Салтанат сарайы» алдындағы алаңнан бастап «Сарыарқа» республикалық велотрегіне дейінгі 4600 метрлік қашықтықты жүріп өтті. Спорттық шараға қатысушылар үшін велосипедті жалға беретін арнайы пунктер ұйымдастырылып, қала тұрғындарының басым бөлігі Astana Bike велосипедтерін мінді. Мәре төрінде шараның салтанатты бөлігі өтіп, онда белсенді қатысушылар мен жеңімпаздарға велосипед сыйға тартылды.
«Осындай ұлық мереке қарсаңында сіздер мен біздер спорттық қозғалыстың қатысушысы болдық. Қазақстанда бұқаралық спорттың даму деңгейі қуантады. Өйткені, спорт, білім және рухани даму ғана біздің болашағымызды қамтамасыз ете алады. Мен бүгінгі спорттық шараның дәстүрлі игі іске айналарына сенімім мол», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.