Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 47 жастағы А.Османғалиев Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша, Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жолдары университетін «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген.
2005 жылдың маусымынан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Ақтөбе облыстық департаменті директорының орынбасары.
Оған дейін бұл лауазымды атқарған Жеткерген Оралмағамбетов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.