«Жоғары оқу орындарындағы оқыту құны биыл өзгермейді, ол мемлекеттік гранттың құнына сәйкестендірілген. Өз кезегінде ол ұлттық және мемлекеттік ЖОО-ларда өзгеріссіз қалды», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның сөзіне қарағанда, бұл ҚР БҒМ-нің тұжырымдамалық ұстанымы.
«Біз стратегиялық мақсаттар қойып отырмыз - білім алу жастарға қолжетімді болуы шарт, осыған орай ЖОО-дағы оқыту құны мен бағасы биыл өзгеріссіз қалады», - деді министр.