«Бізде инклюзивті біліммен қамтуымыз тиісті мектеп жасындағы 94 мың бала бар. Бүгінгі таңда 25 мыңнан астам бала инклюзивті білім берумен толық қамтылған. Ал қалғандары үйлерінде оқып жатыр», - деді департамент басшысы.
Оның атап өтуінше, министрлік 2020 жылға дейін инклюзивті білім беретін мектептердің үлесін 70 пайызға дейін арттыруды мақсат етіп отыр. Жалпы, елімізде жаңа оқу бағдарламалары мен жаңа стандарттар әзірлеу аясында инклюзивті білім берудің концептуалды әдістері интеграцияланатын болады.
«Сонымен қатар бүгінде біз инфрақұрылымдар бойынша стандарттар құру бағытында да жұмыс істеудеміз. Өйткені, біздің мектептер де аталған талаптарға сай болуы тиіс», - деді Ж.Жонтаева.