«Өзара байланысқан тариф саясатын енгізсек, көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша үйлесімді әрекет жасасақ, ұтқыр ойлы пікірталастар өткізсек, ақпарат және пікір алмассақ, біздің көлік саласындағы қарым-қатынасымыз одан әрі нығая түседі», - деп атап өтті А.Жұмағалиев.
«Осыған байланысты ортақ мәселелерді шешу үшін министрлер орынбасарларының басшылығымен жарты жылда бір рет отырыс өткізетін сарапшы топ құруды ұсынамын, ал министрлер отырысы жылына бір рет өткізіліп тұрса игі еді. Қазақстандық тарап өз кезегінде сарапшы топтың алғашқы кездесуін өткізуге әзір», - деп мәлімдеді ҚР Көлік және коммуникация министрі.