#Abai175: АҚШ елшісі Уильям Мозер «Желсіз түнде, жарық айды» оқыды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны қабыл алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елшілікке сілтеме жасап.

«АҚШ Елшісі Уильям Мозерге АҚШ мемлекеттік бағдарламаларының бірінің түлегіАльбина Қасенова ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өлеңдерін оқу эстафетасынжолдаған еді. Елші мырза бұл бастаманы қолдауды мәртебе санап, ұлы ақынныңөлеңін ағылшын тілінде оқып, елшіліктің дарынды қызметкерлерінің бірі Ақботаныңорындауында музыкалық сүйемелдеумен бәрімізге белгілі «Желсіз түнде жарық ай»композициясын ұсынды», - делінгенелшілік хабарламасында.

У. Мозер скрипканың сүйемелдеуінен ұлы ақынның «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінағылшын тілінде оқыды.

Елші кезекті эстафетаны АҚШ дипломатиялық өкілдігінің қызметкерлерінежіберді.

Айта кетейік, бұған дейін Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілеттіелшісі Филипп Мартинэ қазақ тілінде ақын Абайдың өлеңінен үзінді оқыған еді.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абайдың 175 жылдығынаарналған 9 жасар мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылымминистрі Асхат Аймағамбетовке және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші ДимашҚұдайбергенге жолдаған еді.

Аталмыш эстафетаны «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы«Egemen Qazaqstan» газетінен қабыл алып, Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін бестілде шырқады. Эстафетаны «Татар-Информ» ақпарат агенттігіне, ҚырғызРеспубликасының «Кабар» ұлттық ақпарат агенттігіне, «Tengrinews» және NUR.KZпорталдарына жолдады.

Соңғы жаңалықтар