#Abai175: Димаштан эстафета қабылдаған Ақтөбенің әкімі көл жағасында өлең оқыды

Фото: None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің әкімі Оңдасын Оразалин Шалқар көлінің жағасында «Білімдеден шыққан сөз» өлеңін оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Армысыздар қадірменді қазақ елі, Ұлы ақын-ойшыл Абай Құнанбаевтың 175жылдығына орай жүріп жатқан эстафетаны әлемді әсем әуенімен тербеп, қазақөнерінің жарық жұлдызына айналған жерлесіміз Димаш Құдайбергеннен қабыл алдым.


«Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез.

Нұрын, сырын көруге,

Көкірегінде болсын көз.

Жүрегі - айна, көңілі - ояу,

Сөз тыңдамас ол баяу.

Өз өнері тұр таяу,

Ұқпасын ба сөзді тез?»


Өз кезегінде осы өлең оқу эстафетасын сыйлас досым Қазақстан РеспубликасыныңШвеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат ҚұдайбергенұлыӘбдірахмановқа, көк туымызды көкте желбіретіп, қазақ елінің намысын қорғапжүрген батыр ұлымыз Қанат Исламға және күміс көмей дауысымен халықтың жүрегіненорын тапқан әнші қарындасымыз Жанар Айжановаға жолдаймын!», - дедіОңдасын Оразалин.


Айта кетейік, эстафетаны оқушы бастап, оны Президент Қасым -Жомарт Тоқаевжалғастырған болатын. Димаш Құдайберген өлең оқып, эстафетаның бір тармағыноблыс әкімі Оңдасын Оразалинге жолданған болатын.


Соңғы жаңалықтар