Ведомство атап өткендей, бұл марапат ел мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан отандық және шетел авторларына әдебиет пен өнер саласындағы туындылары үшін беріледі.
Өтінім 2026 жылдың 1 наурызына дейін қабылданады.
Қойылатын талаптар мен қажетті құжаттар тізімі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында жарияланған.
Бұдан бұрын хабарланғандай, елдегі ең беделді қоғамдық марапаттардың бірі — «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының 15-маусымының лауреаттары белгілі болды.