Асхат Сайдахметұлы 1968 жылы 1 наурызда Семей облысы Ақсуат ауданы Қызыл-Кесік ауылында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетін «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Ақсуат аудандық қаржы бөлімінде кірістердің түсуін болжау және экономикалық талдау бойынша аға экономист ретінде бастады.
1997-2002 жылдары Тарбағатай ауданы қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2002-2005 жылдары Тарбағатай аудандық экономика бөлімінің басшысы, 2005-2007 жылдары Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
2007-2009 жылдары Тарбағатай аудандық қаржы бөлімінің, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы, Көкжыра ауылының әкімі, 2009-2010 жылдары Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2010-2018 жылдары Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары болды.
2018-2020 жылдары Көкпекті ауданының әкімі, 2020-2022 жылдары Тарбағатай ауданының әкімі лауазымдарында еңбек етті.
2022-2024 жылдары Абай облысы Ақсуат ауданының әкімі, 2024-2025 жылдары Абай облысы қаржы басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
2025 жылдың ақпан айынан осы уақытқа дейін Абай облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.
Еске салсақ, осыған дейін Абай облысы туризм басқармасына жаңа басшы тағайындалғаны хабарланған.