Абай облысы туризм басқармасына жаңа басшы тағайындалды

СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысы туризм басқармасының басшысы лауазымына Қуаныш Әбілдаев тағайындалды.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Яндекс қосымшасында
Фото: Абай облысының әкімдігі

Қуаныш Әбілдайұлы 1989 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
2011 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2014 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша, 2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Қызылорда облысы Жалағаш аудандық сотында бастаған. 2011-2016 жылдары сот актілерін орындау және мемлекеттік қызмет салаларында түрлі лауазымдар атқарған. 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы, Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2025 жылғы наурыздан 2026 жылғы сәуірге дейін Семей қаласы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. Сондай-ақ Абай облысының Бала құқықтарын қорғау басқармасының басшысы міндетін атқарған.

2026 жылғы тамыздан бастап осы уақытқа дейін Абай облысы Туризм басқармасының туризмді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Еске салсақ, осыған дейін СҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жаңа басшы тағайындалғаны хабарланған.