Абай облысында алимент төлеуден жалтарып жүрген ана бас бостандығынан айырылды

АСТАНА. KAZINFORM – Абай облысының Үржар ауданында тұратын әйел балаларына алимент төлеуден жалтарып келген. Әйел әкімшілік жауапқа тартылып, заңды жаза тағайындалды. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды. 

Фото: Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

Үржар ауданы бойынша сот орындаушылар мұндай жаза алимент төлемей жүрген басқа борышкерлерге сабақ болатындығы жөнінде айтты.

Бүгінге дейін азаматшаның балалары алдындағы қарызы 2,7 млн теңгеден асқан. Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотының үкімі бойынша ҚР ҚК-нің 139-бабымен бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, ҚР ҚК-нің 44-бабы 1 бөлігімен жылына 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартылған болатын. Алайда, әйел сот үкімін орындамаған. 

– Абай облысы бойынша ҚАЖД Үржар аудандық №1 пробация қызметінің есебіне алынып, тәрбие жұмыстары өткізілгеніне қарамастан азаматша қорытынды шығармаған. Сот жүктеген міндеттерді орындамай, қасақана алимент төлемеген және жұмысқа орналасқысы келмеген. Үржар аудандық сот шешімімен борышкер әйел сот залынан бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігіне бас бостандығынан айыру жазасына сотталды, – деп хабарлайды пробация қызметінің аға инспекторы Эльмира Мукитанова.