— Абай облысында көлік қозғалысын ашу туралы 2026 жылғы 9 шілде сағат 06:15–те республикалық маңызы бар KAZ15 «Қарағанды — Аягөз — Тарбағатай — Боғас» автожолының 852–900 шақырым аралығында (Қызыл-Кесік ауылы — Сәтбаев ауылына бұрылыс) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Бұдан бұрын Абай облысында жауын-шашын салдарынан жолдың бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілгенін жазғанбыз.