— Құқықбұзушылардан заңсыз қызметте пайдаланылған металл іздегіштер тәркіленді. Сот аталған тұлғаларды ӘҚБтК-нің 463-бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі дептанып, 41 286 теңге мөлшерінде айыппұл салу және жабдықтарды мемлекет кірісіне тәркілеу түріндегі жаза тағайындады, — делінген хабарламада.
Абай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Степногорскіде заңсыз алтын өндірген топ ұсталған еді.