Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандардың түрмеде жаппай пышақтасқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Кazinform.
Әлеуметтік желіде Абай облысындағы түрмелердің бірінде сотталғандардың жаппай пышақтасқаны жайлы ақпарат тарады. Бұның ақ-қарасын білу үшін Кazinform тілшісі облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне хабарласып көрді.
«Өңір түрмелерінде мұндай жағдай болған жоқ. Бұл жалған ақпарат», – деп түсіндірді департаменттен.
Еске салсақ, осы жылдың қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысындағы түрмеде сотталғандар жаппай өз тамырларын кескендігі жайлы хабар тараған болатын. Сол кезде ҚАЖ департаменті ресми мәлімдеме жасап, мұның шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.