Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша 90 пайызға тозығы жеткен апатты жағдайдағы жеті учаскенің жылу желілерін қайта жаңғыртудың жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленген.
Қазіргі кезде «ЖЭО-1-ден 1-павильонға дейінгі магистральдық жылу желілерін қайта құру» және «1-павильоннан 4-павильонға дейінгі магистральдық жылу желілерін қайта құру» жобаларына қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары басталды.
Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. «Теплокоммунэнерго» компаниясының директоры Серік Төленбергенов әкімге атқарылған жұмыстар жайлы баяндады.
«Жөндеу жұмыстары тиісті мерзімде аяқталуы қажет. Осылайша алдағы жылыту маусымында 5,4 шақырымнан астам жылу желілері жаңартылады. Бұл жылу маусымын апатсыз және еш қиындықсыз өткізу үшін маңызды қадам», - дейді Нұрлан Ұранхаев.