Абай облысындағы өртке байланысты жедел желі ашылды
22:44, 09 Маусым 2023
Абай облысындағы өртке байланысты жедел желі ашылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Абай облысындағы табиғи өртке байланысты жедел желі ашылып, ТЖМ және ТЖД психологтарының жұмысы ұйымдастырылды: 8 7172 53 32 84, 8 722 235 38 31», - деп жазылған Экология және табиғи ресурстар министрлігі хабарламасында.
Көмекке мұқтаж халық 112 және 101 телефондары арқылы хабарласа алады.
Еске салайық, «Семей» орманы резерватында өрт 8 маусым күні шыққан болатын.
Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, өрт 2 рет түскен найзағайдан тұтанған.