Республиканың денсаулық министрлігі ұсынған алдын ала мәліметтер бойынша, жараланғандардың бесеуінің жағдайы аса ауыр. Гудаут аудандық ауруханасына - 42, ал Сухуми республикалық ауруханасына 27 адам жеткізілген. Олардың 27-і жатқызылды. Зардап шеккендердің 19-ы ресейліктер.
Абхазия ІІМ-інің мәлімдеуінше, жарылыс жергілікті уақыт бойынша сағат 16:30-да қорғаныс министрлігінің қоймасында болды. Қойма елді мекендерден шалғай орналасқан.