АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына өте алмады.
Жерлесіміз 81 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Зелим Цкаевпен (Әзербайжан) белдесті. Нәтижесінде жергілікті балуан жеңіске жетті.
Ал Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін күреседі. Оның қарсыласы әзірбайжандық Омар Раджабли болмақ.
Айта кетейік, финал бүгін, 7 қазанда өтеді.
Еске салайық, мұның алдында Абылайхан Жұбаназар Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шыққанын жазған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.