Абылайхан Жұбаназар Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының дзюдошысы Абылайхан Жұбаназар Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті.

Абылайхан Жұбаназар Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Фото: ҚР ҰОК

81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, Оңтүстік Корея өкілі Ли Ын Хваннан басым түсті.

Жартылай финалда Абылайхан Жұбаназар Әзербайжан дзюдошысы Зелим Цкаевпен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Жалғас Қайролла (81 келіге дейін) жарыстың үшінші айналымына өткенін жазғанбыз. Алайда ол сербиялық Михайло Симинге есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады.