Дзюдошы Жалғас Қайролла әлем чемпионатының үшінші айналымына өтті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық дзюдошы Жалғас Қайролла Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының үшінші айналымына жолдама алды.

Дзюдошы Жалғас Қайролла әлем чемпионатының үшінші айналымына өтті
Фото: ҚР ҰОК

81 келіге дейінгі салмақта белдесетін отандасымыз алғашқы екі кездесуінде жеңіске жетіп, ширек финалға шығу үшін бақ сынайды.

Жалғас Қайролла түркиялық Эрман Гюргенді жеңіп, жарысты сәтті бастады. Одан кейін Бахрейн атынан сынға түскен Аскербий Гербековтен басым түсті.

Келесі белдесуде ол сербиялық Михайло Симинмен кездеседі.

Еске салайық, бұған дейін Дзюдошы Шерзод Давлатов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғанын хабарлағанбыз.