АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Бакуде (Әзербайжан) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті.
Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында әзербайжандық Вусал Галандарзадені жеңді.
Сондай-ақ Абылайхан Жұбаназар алғашқы айналымда аустралиялық Кейшин Очидан басым түскен еді.
Енді Абылайхан ширек финалда оңтүстіккореялық Ли Ен Хванмен кездеседі.
Айта кетейік, бұған дейін Жалғас Қайролла (81 келіге дейін) жарыстың үшінші айналымына өткенін жазғанбыз. Алайда ол сербиялық Михайло Симинге есе жіберіп, жарыс жолын аяқтады.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.