81 келі салмақта сынға түскен отандасымыз кіші финалда чехиялық Адам Копецкиді мерзімінен бұрын жеңіп, үшінші орынға ие болды.
Бұл – аталған турнирден Қазақстан құрамасының жеңіп алған үшінші жүлдесі. Осыған дейін 73 келі салмақта Дархан Қойбағардың қола медаль жеңіп алғанын жазған едік.
Ал, кеше 60 келі салмақта Мағжан Шамшадин күміс жүлдеге қол жеткізген еді.
Осылайша, жүлдеге қол жеткізген қазақстандық татами шеберлері әлемдік турнирдден тек, медаль алып қана қоймай, олимпиадалық рейтингіде маңызды ұпайға қол жеткізді.
Айта кетейік, аталған сында Қазақстан ерлер құрамасынан жеті салмақта 13 татами шебері сынға түсіп жатыр.
Олар:
60 келі: Мағжан Шамшадин, Нұрқанат Серікбаев
66 келі: Еламан Сұлтанбай, Алмас Ғалымов
73 келі: Дастан Шаяхметов, Дархан Қойбағар
81 келі: Абылайхан Жұбаназар
90 келі: Аян Байғазы, Дидар Хамза
100 келі: Ислам Бозбаев, Нұрлыхан Шархан
100 келі: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев.