Отандасымыз ширек финалда грузиялық Димитрий Гочилаидзені «иппон» ұпайымен жеңді.
Сондай-ақ 81 келі салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан Абылайхан Тәжікстан мен Грекия балуандарынан да басым түсті.
Қазақстандық балуан енді финалдық белдесуде жапониялық Юшито Ходжомен сынға түседі.
73 келі салмақта өнер көрсеткен тағы бір спортшымыз Дархан Қойбаған жартылай финалда швейцариялық Нилс Стамптан жеңіліп, қола жүлдеге таласатын болды. Оның кіші финалдағы қарсыласы – моңғолиялық Эрденбаяр Батсцая.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық дзюдошы Мағжан Шамшадиннің Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанғанын жазған едік.