АСТАНА. KAZINFORM - Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Абылайхан Жүсіпов финалға шықты.
Әлем біріншілігінің үш дүркін қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов 71 келіге дейінгі салмақта Тәжікстан өкілі Шохобжон Шукуровпен шеберлік байқасты.
Жекпе-жек Абылайханның айқын басымдығымен өтті - 5:0.
Осылайша, Абылайхан Жүсіпов спорттық жолында екінші рет Азия чемпионатында финалға жолдама алды. Бұдан бұрын 2017 жылы осындай нәтижеге қол жеткізген болатын.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дулат Бекбауовтың тәжікстандық боксшыны жеңіп, финалға шыққанын жазған болатынбыз. Үш раунд ширақ қимылдаған Дулат қарсыласының алдын орап кетіп отырды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).