«Соңғы кездері ұлттық бірыңғай тестілеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында үлкен шаруа атқарылды. Талапкер грант алғанға дейін және грант иегері атанып қойған жағдайда да бейнакамер жазбалары желтоқсан айына дейін тексеріле береді. Тиісінше, грант иегерлері ҰБТ тапсыру кезінде заңбұзушылықтарға жол берген болса, онда олардың гранты жойылады», - деді Ержан Әмірбекұлы.
Еске сала кетейік, бұған дейін ҰБТ-дан шекті балл жинай алмаған талапкерлер жоғары оқу орындарына шартты негізде түсе алатынын хабарлаған болатынбыз.