Әбу-Дабиде араб тілінде «Қазақстан - көпэтносты ел» атты журнал жарыққа шықты

ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Әбу-Дабидегі Қазақстан Елшілігі қазақстандық этносаралық және конфессияаралық үлгіні насихаттау мақсатында екі жүзден аса ұлт мекен ететін БАӘ-де араб тілінде «Қазақстан-көпэтносты ел» атты журнал шығарды.

Қазақстандық елшіліктің мәліметінше, басылым араб оқырмандарына 2008 жылы 20 қазанда Н. Назарбаев қол қойған «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР заңының толық мәтінімен таныстырады. Қазақстан халқы Ассамблеясының XХI сессиясы алдында қазақстандық елшілік аталған журналды БАӘ Федералдық Ұлттық Жиналысының (парламент) барлық мүшелеріне, БАҚ, университет кітапханаларына және дипломатиялық корпус өкілдеріне таратуды жоспарлап отыр.