Бұған дейін консультациялар 1 ақпанда, Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасында басталады деп жоспарланған болатын.
Украина басшысы елінің «мазмұнды әрі нәтижелі әңгімеге» дайын екенін атап өтті.
Ақпарат көздерінің мәліметінше, келіссөздер барысында бірқатар техникалық мәселелер бойынша ілгерілеу бар, алайда негізгі саяси келіспеушіліктер әлі де сақталып отыр.
Сонымен қатар, АҚШ тарапы Мәскеумен жеке форматта байланыс жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, америкалық келіссөз жүргізуші Стив Уиткофф Майами қаласында Ресей өкілі Кирилл Дмитриевпен өткен кездесуді нәтижелі деп бағалаған.
Сдан соң АҚШ пен Ресейдің Флоридадағы келіссөзі қалай өткені мынау сілтемеде хабарланды.