Америкалық футболшылар плей-офф сатысында Босния және Герцогвинамен шеберлік байқасты.
Кездесу барысыда алғашқы минуттан бір-бірінің қақпасына гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Десе бірінші кезеңнің соңыа дейін таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.
Ойынның 45-минутында америкалық футболшы Фоларин Балогун қарсылас қақпасынан саңылау тауып, өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.
Ал 82-минутта Малик Тилльман қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша АҚШ құрамасы қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, 1/8 финалға берілген жолдамаға ие болды.
Енді олар 7 шілдеде жарыстың аталған сатысында Бельгиямен жасыл алаңға шығады.
D тобында АҚШ құрамасы жақсы көрсеткішке жетті.
Аустралияны 2:0, Парагвайды 4:1 есебімен тізе бүктірсе, Түркияға 2:3 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде алты ұпаймен бірінші орынға табан тіреді.
Босния және Герцоговина В тобында бір жеңіс, бір тең ойын, бір жеңіліспен 4 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді. Олар Швейцарияға 1:2 есебімен есе жіберсе, Канадамен 1:1 есебіне қанағат білдіріп, Қатардан 3:1 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, бұдан бұрын Бельгия Сенегалды қосымша уақытта жеңді.