ӘЧ-2026: Испаниядан жеңілген Португалия құрамасы ширек финалдан тыс қалды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында 1/8 финалында Португалия - Испания кездесуінің нәтижесі белгілі болды.

Фото: Fifa.com

Жанкүйерлер бұл кездесуді асыға күтті. Еуропаның тәжірибелі екі құрамасы тартысты ойын өткізеді деген жорамал жасады. Ойын барысында көп гол соғылуы мүмкін деген болжам айтқандар да бар.

Алғашқы минуттан қос құрама шабуылға көңіл бөлді. Соған қарамастан олардың жылдам гол соғатын мүмкіндігі болған жоқ. Бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ.

Екінші кезеңде де ойын қарқыны дәл осындай қарқында өрбіп жатты. Нәтижесінде 91-минутта испаниялық Микель Мерино соққан гол кездесу тағдырын шешті. 

Осылайша олар қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, плей-офф сатысына жолдама алды.

Испания H тобында екі жеңіс, бір тең ойынмен 7 ұпай жинады. Олар Уругвайды 1:0, Сауд Арабиясын 4:0 есебімен қапы қалдырып, Кабо-Вердемен 0:0 есебімен тең түсті.

Ал плей-офф сатысында олар Аустрияны 3:0 есебімен тас-талқан етті.

Енді 1/8 финалда сағат 05:00-де АҚШ - Бельгия кездесуі өтеді. 

Еске салсақ, бұдан бұрын әлем чемпионатында Эрлинг Холанд Бразилиямен кездесуде Норвегияға сенсациялық жеңіс сыйлады.